Министр үкіметке шағым айтты

Бірқатар министрлік ақпараттық жүйелерін интеграцияламай отыр. Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

Алматы, NEGE. Қазақстан 2019 жылдың соңында «Smart Bridge» жобасы іске қосылды. Соның арқасында, интеграция мерзімі мен шығындары 3 есе азайған.

«Дегенмен, жоспарлы интеграцияны аяқтамаған мемлекеттік органдар бар. Атап айтқанда, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде – 8, Қорғаныс министрлігінде – 7, Ұлттық экономика министрлігінде – 6, Ішкі істер министрлігінде – 4, Денсаулық сақтау министрлігінде – 2 интегрция қалды», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті