Министр: Шахтада қаза тапқан 46-адамның тек дене бөлшектері табылды

Шахтада қаза тапқан 46-адамның тек денесінің бөлшектері табылды, деп хабарлады ТЖМ министрі Сырым Шәріпханов.

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын-ала болжам бойынша 46-қаза тапқан адамның дене бөлшектері табылды. Қайтыс болған 40 адамның жеке басы анықталды, алтауы әлі белгісіз. Оларды сәйкестендіру үшін тиісті сараптама жүргізіледі. Іздеу жұмыстары электр энергиясының болмауымен, тау-кен қазбаларының ұзындығымен, көптеген бұзылған механизмдердің болуымен қиындады. Су басқан жекелеген тау-кен қазбаларында жұмыс жүргізу қиынға түсті», – деді министр.

Оның сөзінше, істі тергеу үшін шетелдік сарапшылар тағайындалған. Қылмыстық кодекстің 277-бабы бойынша қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады