Министр нәрестенің маңдайын тілгілеп емдегендерге қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырауда жаңа туған нәрестенің бетін тіліп 'емдеген' жағдайға қатысты пікір білдірді.
Алматы, NEGE. "Бүгінгі менің көзқарасым бойынша, адамдар баламалы медицинамен айналысады. Егер олар медициналық көмек көрсетсе, лицензия алуы қажет және лицензияланған қызмет түрін көрсету керек. Бүгінде лицензияланған медициналық көмек түрлеріне хиджама жатпайды. Сондықтан, бүгін комитет бұл деректі анықтап жатыр, тексеру жүргізеді. Алдағы уақытта бұл мәселелерді бақылауға аламыз", - деді министр.