Министр медбикелерді кәсіби мерекемен құттықтады
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. «Сіздер атқарып отырған жұмыс қайырымдылық, мейірімділік пен гуманизмге негізделген. Бұл қасиеттер ақ халат киген әрбір маманға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әлемдегі медицина қызметкерлерінің жартысынан көбі медбике және олар денсаулық сақтау жүйесінде өмірлік маңызды қызмет атқарады. Көбіңіз осы мамандыққа әбден бейімделіп алдыңыз. Жалпы, науқасты емдеу ісінде мейірбикелердің еңбегі өте маңызды. Олар адам денсаулығына қауіп төндіретін эпидемия, пандемиямен күресте де алдыңғы қатарда тұрды. Бүкіл әлемдегі медбикелер COVID-19-ға қасқайып қарсы шықты. Еліміздегі мейірбикелер мен мейіргерлерге министрліктің атынан алғыс білдіремін!», – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.