Министр маңғыстаулық дәрігерге жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов маңғыстаулық дәрігердің әлеуметтік желіде аноним түрде айтып берген жанайқайы жайлы жазбаға жауап берді.

Алматы, NEGE. Елжан Біртанов медицина маманының ауыр қызметі жайлы жазылған жазбаны оқып, министрлік басшысы дәрігерге жұмысына адалдығы үшін алғыс білдірді. 

"Өзім де білемін - кейде емделушілердің ауыр сөзі көңілге тиіп жатады. Бірақ сіз бұл дөрекіліктің бәріне назар аудармай, медицинадағы қызметіңізді әрі қарай жалғастырады деп сенемін. Себебі қызметіңізге адал маман екеніңіз бірден көрініп тұр. Яғни, сіз - бүгінгі медицина мен халыққа керек нағыз мамансыз. Мен сізге сабырлық тілеймін, ең бастысы - мықты денсаулық! Құрметті әріптестер, абай болыңыздар. Сіздер халыққа керексіздер!", – деді Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында. 
 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты