Министр Құрмет Талапқазымен кездесті

Бүгін Ауыл шаруашылық министрi Құрмет Талапқазымен кездесіп, марапаттады.

Нұр-Сұлтан, NEGE.   Бұл туралы аталған ведомстваның баспасөз хатшысы Дамир Аспан әлеуметтік желіде жазды.

"Құрметтің есімі мұқым қазаққа белгілі. Маңғыстауда мал қырылып жатқанда барша қазақстандықтарға үндеу тастап, игі бастаманы қолға алды. 

Министр Құрметтің бастамасын қолдап қоймай, оны жүзеге асыруға көмектескен болатын. Шабылған шөпті Маңғыстауға жеткізу үшін әкімдіктермен, ҚТЖ сынды басқа да мекемелермен келіссөз жүргізіп, ведомство тарапынан қажет қолдауды көрсетті. 

Бүгін сәті түсіп, шаруалармен кездесу барысынла жүзбе жүз кездесті. 

Қазақта бас көтеретін, ауылдың мәселесіне бей-жай қарамайтын азаматтар көп болсын!", - деп жазды ол.