Министр коронавирусқа шалдығушылардың көбею себебін түсіндірді

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19 ауруының көбею себебін атады.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, 19 қаңтардағы жағдай бойынша, еліміздің алты өңірі «қызыл» аймақта орналасқан.

Қараша айынан бастап КВИ-ға шалдығушылар саны жоғарылай бастаған. Қарашада қазан айымен салыстырғанда аурушаңдық 4,5 есе өсті, желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 1,2 есе өсті, қалыпты өсу тенденциясы қаңтар айында да сақталады, бұл халықтың желтоқсан-қаңтар айларындағы ұзақ демалыс кезінде барлық профилактикалық шараларды сақтамауының салдары болып табылады. Қаңтар айынан бастап осы 19 күн ішінде КВИ-дің 14 625 дерегі тіркелді. Ауруға шалдыққандардың өсімі Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық аймақтарда байқалады, деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты