Министр: Келесі жылы елімізде педагог тапшы болуы мүмкін

Педагогтерге деген сұраныс жылдан жылға артып келе жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Алматы, NEGE. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше 2023 жылы мұғалімдерге деген қажеттілік - 3 мыңнан астам адам.

Министрлік осы кадр тапшылығы мәселесін жан-жақты зерделеді. Біздің алдағы 4 жылда бітіріп шығатын түлектермен педагогтерге деген сұранысты қамтамасыз етеміз деген болжам бар. Тек келесі жылы ғана педагог тапшылығы туындауы мүмкін. Бірақ біз оны биылғы жылғы бітіруші түлектердің және магистратура түлектерінің есебінен қамтамасыз етеміз. Осылайша біз педагогикалық кадрлардың қажеттілігін толығымен жабатын боламыз, - дейді Саясат Нұрбек.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың стандарты және педагогикалық білімді модернизациялаудың тұжырымдамасы бекітілді.

Жоғары оқу орны оқытушысының стандарты қабылданды. Қазіргі сәтте «Жайлы мектеп» жобасы бойынша педагогтарды даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды