Министр Қазақстанда коронавирустың күрт өршуін түсіндірді
Вирустың таралуы жыл соңына дейін, тіпті келесі жылы да қауіпті болуы мүмкін. Індеттің таралуын бәсеңдету үшін тұрғындардың әлеуметтік арақашықтықты ұстануы маңызды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтты. Сондай-ақ Алексей Цой вирустың өршу себебі туралы сұраққа жауап берді. Айтуынша, бұған ең алдымен тұрғындардың карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін босаңсып кеткені себеп болды. Маска тағу режимін сақтамастан қоғамдық орындарда жайбарақат жүргендердің қатары артқан, - дейді сала басшысы.