Министр ашулы

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция департаменті басшыларының бірқатарына қатаң сөгіс жариялап, Тараз қалалық полиция департаменті басшысын орнынан алып тастады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы министрдің кеңесшісі Нұрділдә Ораз әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп жазды: «Ішкі істер министрі бірқатар өңірлік департамент басшыларына сөгіс жариялады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық ахуалға көңілі толмаған министр Тараз қаласының полициясы басқарма басшысын орнынан алып тастады. Жақында Тараз қаласындағы жас жеткіншектің зорлануы – бірқатар басшылардың жауапсыздығының көрінісі. Осыны ескерген Ерлан Тұрғымбаев баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған басшылардың өз лауазымына сай емес екенін ұғындырғандай болды.

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облысы полиция департаменті басшылары сынға ілікті. Жиын қорытындысында басшылардың бірқатарына қатаң сөгіс жарияланды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиевке қызметіне сай еместігі ескертілді.

Ақтөбе облыстық ПД басшысы Атығай Арыстановқа және Алматы облысы ПД басшысы Мұрат Ұрымхановқа қатаң сөгіс жарияланды. Ал Тараз қалалық ПД жетекшісі А.Мадимаров қызметінен босатылды. Мектеп инспекторы да ішкі істер органынан қуылды».

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан