Министрі Үржардағы жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын білу үшін ауруханаға келді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Үржарда болған қайғылы оқиғадан зардап шеккен балалардың жағдайын білу үшін ауруханаға келді. 

instagram.com/qkba2astana

Алматы, NEGE. Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова және Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Шайзадақызы Рүстемова Үржарда болған қайғылы оқиғадан зардап шеккен балалардың жай-күйін білу үшін Астанадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына барды.

Сапар барысында аралау жүргізіліп, балалардың анасымен әңгімелесті. Барлық қажетті медициналық көмектің толық көлемде көрсетіліп жатқаны айтылып, қолдау білдірілді.

Дәрігерлер балалардың өмірін құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Бестерек ауылында ауыр жол апаты болды. «Toyota» автокөлігін басқарған 55 жастағы жүргізуші рөлді игере алмай үй маңында ойнап жүрген 6 баланы қағып кеткен.

Әкімдіктің мәліметінше, 2017, 2022, 2023 жылғы 3 бала оқиға орнында қаза тапты. Қалған 7-9 жас аралғындағы балалар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Жүргізуші ұсталып, изоляторға қамауға алынды. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті