Министр ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекті құттықтады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. 

Ғылым және жоғары білім министрлігі

Алматы, NEGE. Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын! - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.

11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгіге» үміткер. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.

Бұған дейін тағы бір талапкердің – Қосшы мектебінің түлегі Айым Ержанованың да ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинағаны туралы жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті