Министр Әлназарова ұшақта тосын жағдайға тап болды 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақ бортында тосын жағдайға тап болды. 

видеодан скрин

Астана, NEGE. Оқиғаға куә болған Threads қолданушысының айтуынша, жағдай таңертең, Астана-Алматы бағытындағы ұшақ бортында болған. 

Жолаушылардың бірі өзін нашар сезінеді. Оған қасындағы адамдар дәрігер керегін айтып, стюардессаларды шақырған. 

Көмек көрсетуге келген әйел оның қан қысымын өлшеп, дәрі беріп, шай мен су ұсынады. Содан кейін жолаушы өзін жақсы сезінгенін айтып, әрі қарай ұша алатынын жеткізген.  

Стюардесса көмек көрсеткен әйелден кім екенін сұрағанда жай ғана: «Дәрігермін» деп сыбырлап, көмек көрсетуді жалғастыра берді, – дейді оқиға куәгері.

Сөйтсе, ол – дәрігер денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова болып шықты.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты