Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі басталды

Бүгін елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі басталды.

Алматы, NEGE. Бұл сақтандырумен халықтың 94,5% қамтылады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жарналар мен аударымдардың ставкаларын белгіледі: жұмыс берушілер жалақы қорынан 2%, жұмысшылар – жалақының (немесе ең төменгі жалақының 10 есе мөлшерінің) 1% төлейді.

Тақырыпқа орай: Қорға жиналған қар­жы­ның 20 пайызы – алматылықтардың еншісінде

 

Жеке кәсіпкерлерге, жеке тәжірибесімен айналысатын тұлғаларға және шаруа қожалықтарына келсек, 1,4 есе төменгі еңбекақының 5% немесе азаматтық-құқықтық сипат келісімдері бойынша жұмыс істейтіндер үшін –  кірістің (немесе ең төменгі 10 жалақының) 1%, дербес төлеушілерден –  ең төменгі жалақы мөлшерінен 5% алынады.