Мыңдаған адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

Тбилисидің орталығында мыңдаған адам наразылық акциясына шығып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, – деп хабарлайды Deutsche Welle.

Алматы, NEGE. Жергілікті тұрғындар оператор Лексо Лашкараваның өліміне байланысты орталыққа шықты. Оператор 5 шілдеде ЛГБТ өкілдеріне қарсы акция кезінде соққыға жығылған болатын. 

«Жүйе өлтіреді! Өмір үшін шық» атты ұранмен өткен акцияны белсенділер мен журналистер ұйымдастырған. Акция қатысушылары Гарибашвилидің үкіметі журналистерге қатысты зорлық-зомбылықты кешіргені үшін кінәлі деп отыр. Олар ел үкіметі 12 шілдеге дейін отставкаға кетуін талап етті. 

«Гарибашвили отставкаға кетуі керек және біз, БАҚ өкілдері таңертеңге дейін уақыт береміз», – деді «Хроника » газетінің редакторы Элисо Киладзе.

Митингіге саясаткерлер, азаматтық белсенділер мен қарапайым азаматтар да қосылды. 

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты