Мина әскери полигоннан тыс жерге құлаған

Жапонияның батысындағы Сига префектурасында оқу-жаттығу атыстарын жүргізу кезінде мина әскери полигоннан тыс жерге құлаған, деп хабарлайды Кyodo агенттігі.

Алматы, NEGE. Жапонияның құрлықтағы Өзін-өзі қорғау күштерінің жауынгерлері 120 мм калибрлі минометтерден оқ атқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір мина полигоннан тыс жерге ұшып кетіп, атыс орнынан 1 км қашықтықта таулы аймаққа құлаған. Қазіргі уақытта оны іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Қандай да бір келтірілген залал немесе зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

Оқиға салдарынан полигонда оқ атуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды, ол бейсенбіде Orient Shield жапон-америкалық бірлескен жаттығуларының аясында екі тараптың 3 мыңға жуық адамының қатысуымен басталуы керек еді.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады