«Миллионның бірінде кездесетін дерт»: Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне ауыр ота жасалатынын айтты

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева қатты сырқаттанып қалғанын айтып, өзіне ауыр ота жасалатынын жазды.

Алматы, NEGE. Ол басқа амал қалмағанын және ауыр дерттің өзімен бірге туғанын, бірге кететінін де жеткізген. Әртістің жазбасы қалың оқырманын алаңдатып қойды.

«Не болып кетті? Қашан жазыламын? Қысқасы, ота жасайтын болды. Аллаға тәуекел, дұғада болыңыздар. Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды.

Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін», – деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?