Миллион теңгеден астам айыппұлы бар көлік иесі ұсталды

Алматы қаласында миллион теңгеден астам айыппұлын төлемей жүрген тұрғын ұсталды.

Алматы, NEGE. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, "Мерседес" маркалы көліктің жүргізушісіне жол-көлік ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы – 1 миллион 176 мың 450 теңге.

“Құқық бұзушыны ЖПҚБ іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонының қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтады”, – деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді