«Миланның» екі ойыншысы коронавирус жұқтырды

«Милан» футбол клубының екі ойыншысы, Тео Эрнандес пен Хакан Чалханоглу коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы миландық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Ал клубтың өзге ойыншылары тапсырған тест теріс нәтиже көрсетті. Эрнандес осы маусымда 23 кездесу өткізіп, төрт гол соқты. Ал Чалханоглу 24 ойында еншісіне алты гол жазды. Айта кетейік, «Милан» Италия А сериясы аясындағы келесі кездесуін дүйсенбі күні «Кальяриге» қарсы өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?