Милан-Кортина-2026: Олимпиада және Паралимпиада ойындарының медальдары таныстырылды

Милан-Кортина-2026 ұйымдастыру комитеті алдағы Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медальдарын таныстырды. Презентация Венето аймағының астанасы Венеция қаласында өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жаңа олимпиадалық медальдар екі жарты бөліктен тұрады. Олар спортшының мансап жолын және осы жолда оның жанында болған барлық адамдарды бейнелейді.

Белгілі болғандай, марапаттар қайта өңделген металдан Италияның мемлекеттік теңге сарайы мен баспа институты (IPZS) тарапынан жасалады. Құймалар жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істейтін индукциялық пештерде дайындалмақ, ал қаптамасы пластикті мейлінше аз пайдалана отырып, FSC сертификатталған материалдардан өндіріледі.

Фото: ҰОК

«Біз Олимпиада және Паралимпиада ойындарына арнап жасаған медальдар - италиялық дизайнның шеберлігі мен кемелдігінің көрінісі. Әрқайсысы – қолөнер мен инновация тоғысынан туған бірегей туынды», – деді Италия мемлекеттік теңге сарайы мен баспа институтының президенті Паоло Перроне.

Дизайн эмоция мен командалық рухты айшықтап, Милан мен Кортина қалаларының бірлігін ғана емес, жеңіс пен оған жету жолындағы күш-жігердің мәнін де бейнелейді. Медальдар екі бөліктен құралған, оларды Олимпиада және Паралимпиада құндылықтары біріктіреді. Бұл спорттық жолдың қорытындысы және сол жолда жанынан табылғандардың еңбегіне деген құрмет.

Фото: ҰОК

Милан-Кортина-2026 Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді. Жалпы саны 245 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?