Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

Спорттық гимнастикадан Доха (Қатар) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңіндегі екінші іріктеу күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары екі финалға жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Турнирдің шешуші кезеңіне қоссырықтағы жаттығулар бойынша Милад Карими бірінші орынмен өтті. Қазақстандық гимнаст іріктеу барысында төрешілердің шешімімен 14.000 ұпай жинады.

Сонымен қатар Алтынхан Темірбек те финалға жолдама алды. Ол тіреуішпен секіру жаттығуында 13.199 ұпай жинап, сегізінші орынмен финалға өтті.

Айта кету керек, Карими мен Темірбек еркін жаттығу бағдарламасының финалында да бақ сынайды.

Ал Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуда жүлде үшін күресетін болады.

Финалдық кезең 18-19 сәуір аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?