Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшы Михаил Шайдаров ISU Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Польшаның Гданськ қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында ISU Гран-при кезеңі мәресіне жетті. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Михаил Шайдаров 207.3 ұпайын еншіледі. Бұл көрсеткіш отандасымызға жалпы жарыс кестесінде екінші бағаннан көрінуге мүмкінді берді. 

Ресейлік Глеб Лутфиллин (231.26) ISU Junior Grand Prix кезеңі саналған Baltic Cup 2021 додасының жеңімпазы болды. Ал оның командасы Егор Рухин (202.28) үздік үштікті қорытындылады. 

Қазір оқып жатыр

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады