Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс турнирін сәтті бастады

Қазақстандық Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс мастерс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік рейтингте 154-орында тұрған М.Кукушкин іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 122-ракеткасы, италиялық Андреас Сеппимен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:2, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 93-ракеткасы, жапониялық Есихито Нисиокамен кортқа шығады. Оны жеңсе, әлемнің маңдайалды теннисшілері бақ сынайтын негізгі турнирге жолдама алады.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко іріктеу сайысында колумбиялық Даниэль Элахи Галан Риверостан 4:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик рейтингісі жоғары болғандықтан, Индиан-Уэллс турнирін екінші айналымнан бастайды. Әйелдер арасындағы осы жарыста Қазақстаннан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды