Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы. NEGE. Бірінші кезеңде ол чехиялық Иржи Лехечкамен кездескен болатын. Ол қарсыласын айтарлықтай қиындықсыз, 6:0, 6:2 есебімен ұтты. 

Кукушкиннің ендігі қарсыласы – франциялық Мануэль Гинар.