Михаил Горбачев қайтыс болды

КСРО алғашқы президенті Михаил Горбачев 92 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Алматы, NEGE. "Бүгін кешке Михаил Сергеевич Горбачев ұзақ және ауыр сырқаттан қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Михаил Горбачев 1985-1991 жылдары КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы, 1989-1990 жылдары КСРО Жоғары Кеңесінің төрағасы болып қызмет еткен.