Михаил Шайдоров Қазақстан қоржынына тарихи алтын салды
Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында қазақстандық Михаил Шайдоров рекордтық ұпай жинап, чемпион атанды.
Астана, NEGE. Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды.
24 спортшы қатысқан турнир қорытындысы :
1-орын. Михаил Шайдоров – 291.58 ұпай
2-орын. Юма Кагияма (Жапония) – 280.06 ұпай
3-орын. Шун Сато (Жапония) – 274.90 ұпай
Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады.
Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.
Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.
Айта кетейік, ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасында Денис Тен қола жүлде алған еді.