Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалының жеңімпазы атанды

Астанада Денис Тен мемориалының жеңімпаздары анықталды.

спорт комитеті

Алматы, NEGE. Ерлер арасында басты фаворит саналған, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров қос бағдарлама қорытындысы бойынша топ жарды. Жалпы ол 282.22 ұпай жинады.Ол бұған дейін бір жыл бұрын Денис Тенді еске алу халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған болатын.

Екінші орынды Грузиядан келген Ник Егадзе иеленді, АҚШ-тан Джейсон Браун үздік үштікті түйіндеді. Айта кетері, Денис Тен мемориалы - мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанда жыл сайын өтетін халықаралық жарыс. Оны Қазақстанның Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясы мен Денис Тен қоры ұйымдастырады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді