Михаил Шайдоров Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Ол бүгін еркін бағдарламада 169.26 ұпайға ие болды. Кеше қысқа жаттығудағы 76.75 балл жинаған. Осылайша, 246.01 ұпай оның үшінші сатыға көтерілуіне жол ашты.

Ал Диас Жиренбаев жалпы есепте 186.18 ұпаймен 9-орыннан көрінді.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Чха Жунхван чемпион атанды. Ал әлем чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері, жапон Юма Кагияма 2-орында.

Бұл мәнерлеп сырғанаудан ақ Азиададағы Қазақстан қоржынына түскен 6-жүлде.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы