Мигранттар Польша аумағына шабуылмен кірмек болды

Беларусь пен Польша шекарасындағы ахуал ушығып барады.

Алматы, NEGE. Босқындар Польша аумағына шабуылдап кірмек болды. Тәртіп сақшылары мигранттарға көз жасаурататын газ бен су шашып, зордың күшімен тоқтатқан. Тіпті қаумалаған жұрт шекара дуалын бұзып, полицияға шөлмек пен тас  жаудырды. Польша қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша кейбіреулер тіпті дыбыстық гранаталармен де қаруланған.

Reuters ақпарат агенттігі бірнеше тәртіп сақшысы зардап шегіп, ауруханаға түскенін хабарлады. Көбісі басынан жараланған. Айта кетейік, қазір Польша шекарасын 20 мыңға жуық сарбаз күзетіп тұр. Кузница елді мекенінің маңына шамамен 4 мыңға жуық босқын жиналған. Мигранттардың айтуынша Беларусь билігі оларды кері қабылдамай жатыр.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды