Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты.

meirzhach_tv/Instagram

Астана, NEGE. Мейіржан Төребаев Instagram парақшасында отбасымен түскен суреттерін жариялады.

«Сыртқы өмірде еркіндігімді жоғалтқанда, ішкі еркіндікке ие болдым. Демек, солай болуы керек еді. Өмір беретін сабақтардан қашып, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Осы тәжірибе үшін Жаратқанға шүкір», – деп жазды блогер.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Төребаев Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша 5 жылға сотталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады