Метеорологиялық ахуал қалай?

«Қазгидромет» РМК 31 қазан күні еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы айтты.

Алматы, NEGE. Синоптиктер мәліметінше, бүгін Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысының Балқаш қаласында атмосфералық ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қазір оқып жатыр

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды