Месси тоғызыншы рет маусымның үздік ойыншысы атанды

WhoScored статистикалық сайты «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиді Еуропадағы ең үздік ойыншы деп атады.

Алматы, NEGE. Мессидің 2019/20 маусымындағы орташа ұпайы – 8,71.

Ал ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе 8.14 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Үшінші орында «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски (8.13).

Месси 11 маусымда тоғызыншы рет үздік атанып отыр.