Месси Парижге келді

BFM

Сейсенбі күні Парижге келген аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Бурже әуежайынан Франция астанасының батыс шетінде, Нойли-сюр-Сен қаласында орналасқан америкалық ауруханаға бет алды. Онда футболшы медициналық тексеруден өтеді, деп хабарлайды   телеарнасы.

Алматы, NEGE. Алдымен Месси отбасымен тек жеке және жалға алынған ұшақтар қабылданатын Бурже әуежайында болды. Ол бірнеше рет ашық терезе арқылы өзінің талантына бас иген жанкүйерлермен сәлемдесті.

Айта кеткен жөн, Барселонамен бірге Месси он рет Испания чемпионы атанды. Жеті рет - Испания кубогының, сегіз рет - елдің Суперкубогының жеңімпазы болды. Ол төрт рет Чемпиондар лигасын, үш рет УЕФА Суперкубогын және үш рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Әлемдегі жылдың үздік ойыншысына берілетін «алтын допты» Месси алты рет еншіледі. Бұл - рекорд.

Аргентина құрамасында Месси 151 матч өткізіп, онда 76 гол соқты. Ұлттық құраманың құрамында ол Америка кубогын (2021) жеңіп алды. 2014 жылғы әлем чемпионатында Месси Аргентина құрамасымен бірге финалға шықты.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады