Месси Неймарға: Екі жылдан кейін менің орнымды басасың

Аргентина құрамасы мен каталониялық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Неймарға «Барселонадан» қашан кететінін айтты. Бұл ақпаратты Eurosport хабарлады.

Алматы, NEGE. France Football басылымының жазуынша, 2019 жылы көктемде Месси Неймарды «Барселонаға» қайтадан келуге үгіттепті.

«Біз Чемпиондар лигасын тек бірге ұта аламыз. Екі жылдан соң мен кетемін. Ал сен менің орнымды басасың» деген Месси.

Бір кездері Месси, Суарес және Неймар үштігі талайлардың ұйқысын қашырғаны есте. Енді Месси сол үштікті қайта жаңғыртқысы келеді.   

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді