«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Астанада 9 мамыр күні полицияға 13 жастағы жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабар түсті. Ата-анасының айтуынша, бозбала қосымша сабаққа кетіп, үйіне оралмаған. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

ЖИ көмегімен жасалған

Астана, NEGE. Кейін анықталғандай, жасөспірім ата-анасымен ренжісіп, үйден кетіп қалған. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары және еріктілер жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына 70 полицей мен 30 әскери қызметкер қатысты.

Тәртіп сақшылары мектептер мен ауруханаларды тексеріп, аулалар мен подъездерді аралаған. Сондай-ақ жасөспірім жүруі мүмкін бағыттар бейнебақылау камералары арқылы тексерілді.

Іздеу барысында оның автобуспен соңғы аялдамаға дейін барып, кейін трасса жаққа жаяу кеткені анықталды. Жасөспірім түнді Ақжар ауылындағы мешітте өткізген.

Полицейлер жол бойындағы тұрғындар мен жүргізушілерден сұрастырып, оның жүрген бағытын анықтады.

Жасөспірім қала сыртындағы трасса бойынан табылып, ата-анасына тапсырылды. Полиция оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларымен жиі сөйлесіп, олардың қайда жүргенін бақылауда ұстау маңызды екенін ескертті. Осындай жағдай туындаса, бірден 102 нөміріне хабарласуға кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты