30 июля 2025 г. 11:59

Мерзімінен бұрын босайды: Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов амнистияға ілікті

Фото: Жоғарғы сот

Степногорск қалалық соты 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановты амнистияға ілігу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Алматы, NEGE. Байжанов жазасының 1 жыл 11 айын өтеп қойған, оған тағы 2 жыл 24 күнін өтеуі тиіс болатын.

Ол 2027 жылдың 18 шілдесіне дейін қамауда отыруы керек еді. Сот шешімімен оның жазасы үштен біріне – яғни 8 ай 8 күнге қысқартылды. Енді оған түрмеде 1 жыл 4 ай 17 күн отыру қалды. Б.Байжанов 2026 жылдың қарашасында бостандыққа шығады. 

Сот Бақытжан Байжановтың түрмеден берілген оң мінездемесін және жәбірленуші тарапқа келтірілген шығынды өтегенін ескерді.

Еске сала кетейік, Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты ауыр қылмысты жасырып қалғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.