17 июня 2025 г. 14:37
Мерген Ильфат Абдуллин Азия кубогында плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты
Қазіргі уақытта Сингапурде садақ атудан Азия кубогының кезеңі өтіп жатыр.
Алматы, NEGE. Турнир аясында классикалық садақ атудан ерлер арасындағы іріктеу кезеңі өтті.
Іріктеу кезеңінде ең жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық Ильфат Абдуллин болды – ол 681 ұпай жинады. Екінші орынға Тайбэйден барған Тай Ён Лю (672 ұпай) жайғасты. Үшінші орын уақытша үндістандық Вишну Чудхариге бұйырды – 669 ұпай.
Абдуллин алғашқы плей-офф кезеңін өткізіп жіберді. Ал екінші айналымда ол өзінің командаласы Дәулеткелді Жанбырбайды 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Енді Ильфат 1/4 финалға шығу үшін моңғолиялық Дашнам Доржсуренмен кездеседі.