Мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер еліміз бойынша 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. "Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, бұл күндері елде қар жауып, бұрқасын болады.

"Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, бұрқасын, екпінді жел соғады, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ болады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

1 қаңтарда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ауа температурасы түнде батыста -1...-6°С аяздан  -3... 2°С-қа дейін көтеріледі, ҚР солтүстігінде, орталығында, шығысында  -5...-20°С аяздан -10...-25° аязға дейін аздап төмендейді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста  0...-10°С аяздан  -3...-15°С аязға дейін біртіндеп төмендейді.