Мереке күндері сауда орталықтары жұмыс істей ме?

Мереке күндері елдегі сауда ойын-сауық орталықтары жұмысын тоқтата ма? Бұл сұраққа санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова жауап берді.

Алматы, NEGE. «Елдегі өңірлердің эпидемиологиялық ахуалына байланысты сауда ойын-сауық орталықтары әртүрлі тәртіппен жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана «қызыл» аймақта болғандықтан, елордада жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Қалған күндері 18.00-ге дейін ашық болады», - деді Роза Қожапова Орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен брифингте .

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды