12 мая 2023 г. 14:00

Мереке Құлкенов – Жазушылар одағының төрағасы

Фото:

Алматыда Қазақстан Жазушыларының кезекті ХVІ Құрылтайы Жазушылар одағының жаңа төрағасын сайлады.

Алматы, NEGE. Құрылтайдағы үзілісте басқарма мүшелері жаңа төрағаны сайлау үшін бір сағаттай ақылдасты. Ортақ шешімнің нәтижесін жария еткен жазушы Әлібек Асқар: "Басқармаға мүше 106 адамның 102-сі қатысты. 4 адам сөйледі. Мұхтар Шаханов, Иранғайып Оразбаев, Смағұл Елубай бірауыздан дауысын Мереке Құлкеновке берді. Кворум сақталды", – деді. 

Ал Жазушылар одағына төрағалыққа сайланған жазушы Мереке Құлкенов өзі сөзінде: "Бүгін Құрылтайға келген баршаңызға алғысымды айтамын. Ұлықбек Есдәулет бес жылда талай жұмыс атқарды. Әр жазушының шығармазы өз уақытында жариялануы керек. "Қазақ әдебиетінің" алдағы санына өзімнің бағдарламамды жариялаймын", – деді. 

Сондай-ақ, жаңа төраға өзінің орынбасарларын таныстырды. Төрағаның бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы, орынбасарлары – Бауыржан Жақып, Қасымхан Бегманов, Ғалым Қалибек, жастар жөніндегі орынбасары Бейбіт Сарыбай тағайындалды. 

Мереке Әбдешұлы Құлкенов  – 1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.

Тегтер: