Мереке қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға қаржылай көмек көрсетіледі

Шымкентте 1-маусым мерекесі қарсаңында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір реттік төлем жүргізілуде.

Шымкент, NEGE. Мүмкіндігі шектеулі 6000-нан астам баланың әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді. Бір реттік төлемді алу үшін ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ.

Мерекелік төлемді жүзеге асыруда зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректер базасындағы мәліметтері негізге алынады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды