«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»: Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарық көрді

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарық көрді. Кітап: «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» деп аталады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы экс-Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы жарыққа шықты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабын «Меломан» және «АлматыКітап» дүкендер желісінен табуға болады», - деп жазды Айдос Үкібай. 

Кітап қазақ және орыс тілдерінде жазылған.

Айта кетсек, бүгін Тұңғыш президент күні. Алайда 2 жылдан бері мемлекет деңгейінде тойланбайды.

Қазір оқып жатыр

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды