2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

«Мені қорқытып жатқан қай қазақ?» Мақпал Жүнісоваға әлдекімдер жала жапқан

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында белгісіз біреулердің әпкесіне жіберген хатын жариялады.

instagram/zhunusova.makpal

Астана, NEGE. Хат авторы әншіге жала жапқан көрінеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мақпал Жүнісованың мәлімдеуінше, хатты өзіне емес, басқа қаладағы әпкесіне жіберген екен. Хатта әншінің үш жылдан бері газдың ақысын төлемей жүргені айтылған.

«Жүнісова Мақпал ханымға айтасыз ба, үш жылдан бері төлемеген қарыздары бар. Қызына неше рет айтылды, өзі бізді бұғаттап тастаған. Бүгін төлемесе, ертең техниктер газды өшіреді. Соңғы ескерту», – деп жазылған хатта.

Әнші мұны қорқыту деп қабылдаған.

«Бұл қай қазақ мені қорқытып жатқан? Астанадағы әпкеме жіберіпті», – деп жазған Жүнісова.

Ол ешкімге қарызданбағанын айтады.