Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Үкімет

Алматы, NEGE. Отырыс барысында 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды. Әсіресе, мемлекеттік тілдің ұлт бірегейлігінің іргетасы және дамудың стратегиялық ресурсы ретіндегі рөлін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысында Комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Ермек Көшербаев алдағы жұмыстың басым бағыттарын атап өтіп, тілдік ортаны жүйелі жаңғыртуға, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескере отырып, нормативтік-құқықтық базаны бейімдеуге күш салуды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты