Мемлекеттік наградалар туралы заңға толықтыру енгізілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда

Алматы, NEGE.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына түзетулер енгізілді.

Заңда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған.

Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді