Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға маңызды хабарландыру жасады

Осы аптада елорда көшелерінің кейбір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады.

«Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне байланысты 20-24 сәуірде қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойылады», – делінген хабарламада.

Осы орайда күзет қызметі қала тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға кезінде өткізілетін қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Айта кетейік, Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, 20-23 сәуір күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланады.

22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

22 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.

Қазір оқып жатыр

Балаша сұраққа ересек жауап: Мәжілісте «Қазатомпром» өкілі мен депутат бір-бірін қағытты

Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында қатаң шектеулер енгізді

Алу мен беру. Қазақстанның даму банкі НЕГЕ топырлатып несие беруде?

Павлодарда Porsche Panamera тізгіндеген шетелдік 500 мың теңге айыппұл арқалаған