Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлермен соттасып жатыр

Табысы туралы декларация тапсыру дауына қатысты 7 блогермен сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлады Қаржы министрі Мәди Такиев.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «854 блогерге декларация тапсыру туралы хабарлама жолданды және 620 блогер қосымша 18,141 млрд теңгеге декларация тапсырды. Қазір 234 блогермен жұмыс істеп жатырмыз, яғни толыққанды құжат тексеріледі. Сондай-ақ бүгінде 7 блогерге қатысты сот процесі жүріп жатыр» , - деп жауап берді Мәди Такиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Қаржы министрі барлық блогерді бизнес жүргізу барысында мұқият болуға шақырып отыр.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды