Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы қызметкері 75 млн теңге пара алғаны үшін сотталды

Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы қызметкері 75 млн теңге пара алғаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Грузиядан экстрадицияланған БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкеріне аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін үкім жариялады.

Сот процесі барысында көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотталушының мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алғанын дәлелдеді.

Сотталған мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мүлікті тәркілеуді қолданып сотталушыдан пара сомасын өндіріп алды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ