Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин: Ұлттық құрылтайдың бастамасымен 9 заң қабылданды

Бүгін Астанада Ұлттық құрылтай кеңесі өтіп жатыр.

Ақорда

Алматы, NEGE. Жиында сөз сөйлеген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин былтыр қабылданған заңдарға тоқталып өтті.

«Толықтай сеніммен бүгін сіздерге айта аламын – біз жоспарлаған 9 заң қабылданды. 10-заң қазір Парламентке келіп түсті. Бұл – археология туралы заң. Аталған заң да белгілі бір талқылауды талап етеді. Бірақ депутаттар тарапынан қолдау табады деген сенімдемін», - деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай кеңесінде реформалар ел болашағы үшін қабылданып жатқан шешімдер екенін атап өтті.

«Елдегі заңдардың қабылдануы – ең алдымен мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың қалыптасқанын көрсетеді. Сіздер айтып жатқан ой-пікірлер Мемлекет басшысының тарапынан пысықталып, жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданып жатыр. Яғни біздің елде мемлекет пен қоғам арасында сындарлы, мазмұнды диалог орнағанының арқасында жүзеге асып жатыр», - деді ол осы мәселеге қатысты. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр