2 июля 2025 г. 15:10

Мемлекеттік аудит энергетика саласындағы ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады

Фото: gov.kz

Жоғары аудиторлық палата электр энергетикасы саласында елеулі заңбұзушылықтар тіркелгенін хабарлады.

Алматы, NEGE. Қаржылық шығын – 66 миллион теңге. Бюджетті жоспарлау мен пайдалануға қатысты 2,2 миллиард теңге сомасында мәселелер анықталған. Бұдан бөлек, қаражат пен активтердің тиімсіз пайдалануы 104,8 миллиард теңгеге бағаланған.

Аудит нәтижесінде ондаған рәсімдік бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктер анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша 16 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Олардың қатарында Энергетика министрлігі департаментінің директоры, сондай-ақ «Ereymentau Wind Power» ЖШС, «ЖЭК-ті қолдау бойынша есеп айырысу қаржы орталығы» ЖШС және «Алматы электр станциялары» АҚ-ның басшылары мен қызметкерлері бар. Кейбірі қызметінен босатылған.